«Тәрбие – дәстүрден басталады!» атты мерекелік сайыс ұйымдастырылып,
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі халқымыз үшін ерекше маңызға ие, береке мен бірліктің, жаңару мен жасампаздықтың нышаны болып саналатын ұлық мейрам. Осы орайда Алматы қаласындағы №67 балабақшада «Тәрбие – дәстүрден басталады!» атты мерекелік сайыс ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара өтті. Мерекелік кешті жүргізуші әсерлі өлең жолдарымен ашып, жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ол Наурыздың табиғат пен тіршіліктің