«Тәрбие – дәстүрден басталады!» атты мерекелік сайыс ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара өтті. » ГККП "Ясли сад №67"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 296-19-40
Әдіскер:
+7(727) 246-82-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәрбие – дәстүрден басталады!» атты мерекелік сайыс ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара өтті.
18
наурыз
2026

«Тәрбие – дәстүрден басталады!» атты мерекелік сайыс ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара өтті.

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі халқымыз үшін ерекше маңызға ие, береке мен бірліктің, жаңару мен жасампаздықтың нышаны болып саналатын ұлық мейрам. Осы орайда Алматы қаласындағы №67 балабақшада «Тәрбие – дәстүрден басталады!» атты мерекелік сайыс ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара өтті.
Мерекелік кешті жүргізуші әсерлі өлең жолдарымен ашып, жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ол Наурыздың табиғат пен тіршіліктің жаңаратын, күн мен түн теңелетін ерекше кезең екенін атап өтіп, бұл мейрамның тәрбиелік мәніне тоқталды.
Іс-шараның ашылу салтанатында сөз балабақша меңгерушісі Аймұхамедова Гаухар ханымға беріліп, ол өз құттықтауында ұлттық дәстүрлерді ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығын атап өтті.  Бұл шараның басты мақсаты — жас ұрпаққа ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлерді таныстырып, ұлттық тәрбиеге баулу. Іс-шара Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жобалары аясында ұйымдастырылып, ата-аналар мен балалардың бірлесе қатысуымен өтті.
Мерекелік сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы «Таныстыру» бөлімінде әр топ өздерін таныстырып, ерекшеліктерін көрсетті. «Өз өнерін көрсету» кезеңінде балалар ән айтып, би билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Атап айтқанда, Ақбота тобының қыздары орындаған «Текемет» биі ерекше әсер қалдырды.
«Салт-дәстүрді дәріптейік» бөлімінде әр топ қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін сахналап көрсетті. Мысалы, Балапан тобы «Атқа мінгізу» дәстүрін, Ақбота тобы «Тұсау кесер» рәсімін, Балауса тобы «Шашу шашу» дәстүрін, Балдырған тобы «Тоқым қағар» салтын, Ақтиін тобы «Бесікке салу» рәсімін, ал Қарлығаш тобы «Ат қою» дәстүрін таныстырды. Бұл көріністер арқылы балалар ұлттық мұрамен тереңірек танысты.
Келесі кезең - «Мақал-мәтелді тап» сайысы қатысушылардың тапқырлығы мен білімін сынады. Ал «Үй тапсырмасы» бөлімінде аналар ұлттық тағамдарын ұсынып, әкелер ағаштан жасалған бұйымдарын таныстырды. Бұл кезең ата-аналардың да белсенді қатысып, ұлттық өнерді дәріптеуіне мүмкіндік берді.
Сайыс барысында балалардың өнерлері мен ата-аналардың қолдауы көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Әділқазы алқасы нәтижелерді қорытындылағанша, Балдырған тобының қыздары «Домбыра» биін билеп, кештің сәнін келтірді.
Іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Балабақша ұжымы кеш соңында барша қатысушыларға алғысын білдіріп, Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен салт-дәстүрге деген құрмет қалыптасатыны сөзсіз. «Тәрбие – дәстүрден басталады» дегендей, ұлттық құндылықтарды дәріптеу — болашақтың берік негізі екендігі ақиқат.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив