КЕҢЕС » ГККП "Ясли сад №67"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№67 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 296-19-40
Әдіскер:
+7(727) 246-82-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
наурыз
2023

КЕҢЕС

АТА -АНАЛАРҒА КЕҢЕС

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау


Mектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау  қазіргі таңда психология мен педагогика ғылымдарында өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқыту мен тәрбие мазмұны терең ғылыми негізде бола отырып, көп қырлы дәстүр мен халықтың ұлттық психологиясын бейнелеуі қажет.   Бұл көптеген жұмысты талап ететін өте  ауқымды мәселе. Яғни балабақша мен мектеп арасында өзара байланысты орнату қажет. Себебі мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық тұрғыда дайындап, мектепті алдын ала экскурсия жасау арқылы көрсету керек.Көптеген ата-аналар балаларының мектепке баруы үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды, әрине бұл да маңызды фактор.   Алайда, баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Сондықтан балабақшада мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілеріне өзіндік әдіс-тәсілдерін  қолданады. Барлық оқу ұйымдастырылатын қызмет барынша мектепке дайындалуға бағытталып, педагог-психолог балалармен жұмыс жүргізеді. Баланың жан-жақты дамуына, мектепке бейімделуіне ата- аналардың да қосар үлесі мол. Балаға әрдайым екі жақты көмек қажет. Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен   жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің алғашқы бастамасы болады.Оқу бағдарламасы бойынша тапсырмаларды  жақсы меңгеру  үшін, іс-жүзінде жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Оқу-жазуды меңгеру тез бейімделуіне жақсы көмек болады. Балаға жазу-сызу барысында қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстап үйрету жақсы нәтиже береді.  Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағынасы өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Жазып-санаумен шектеліп қана қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгеруі тиіс. Өздігінен қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді. Көрнекі әрекет ойлау қабілетінің жоғары  болуына ықпал етеді. Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуіне, рухани  тәрбие беруде алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізеді.Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтермен және басқа балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінде  жағымсыз эмоциялық сезіну, қорқыныш пайда болады. Сондықтан балалардың көңіл күйі болмай, себепсізден жиі ауруын  «мектеп неврозы» деп сипаттайды.  Сол себепті ата-аналар балаларына мектепке дейін және алғаш кезеңде  психологиялық қолдау білдіріп, оларды үнемі демеп, қанаттандырып, жігерлендіру отыруы қажет.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив