Алматы қаласы Жетісу ауданы МКҚК “№67 бөбекжай-балабақшаның” 2022 жылғы балабақшадағы атқарылған жұмыс бойынша есебі және 2023 жылға арналған жоспары
Алматы қаласы Жетісу ауданы МКҚК “№67 бөбекжай-балабақшаның”
2022 жылғы балабақшадағы атқарылған жұмыс бойынша есебі және 2023 жылға арналған жоспары
Жұмыс бағыттыры | Жүргізілген жұмыстардың қысқаша мазмұны | Фото есебі | 2023 жылға арналған жоспар |
Материалдық техникалық базаны күшейту | 6-Интербелсенді тақта 6-дербекс компьютер 3МФУ принтерлері 7 -өндірістік шаңсорғыш. | ||
Модернизация | Тактильді жол(тактильная дорожка) | ||
Педагогтардың кәсіби шеберлігін дамыту мен іс-тәжірибесін тарату | МКҚК №67 бөбекжай-балабақшасы тәрбиешілері Педагогтардың кәсіби шеберлігін дамыту мен іс-тәжірибесін таратудабалабақша арасында, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. «Ойын технологиясы арқылы» балалардың ой-өрісін дамытужұмытары бойынша Тәрбиеші: Карибекова Меруерт Еркінәліқызы іс тәжірибесімен бөлісті. Ойын технологиясының тұжырымдамалық негіздері: 1.Балалармен бірлескен ойын нысаны, ойын тәсілдері мен жағдайлары көмегімен, баланың қызметін ынталандыру және қызығушылығын ояту негізінде құрылады. 2.Ойын технологиясы білім беру процесінің белгілі бір бөлігін, яғни біріктірілген жалпы мазмұнын, сипатын қамтиды. 3.Ойын технологиясына білім беру саласындағы интегративтік қасиеттерді қалыптастыратын дәйекті ойындар мен жаттығулар жатады. Сондай-ақ, ойын материалы білім беру үдерісі мен оқу материалын игеру тиімділігін арттыруы қажет. Тақырыбы: ӨТШТ (ТРИЗ) технологиясы Мақсаты: Педагогтерге ӨТШТ технологиясының мақсаты мен міндеттері жайлы түсінік беру. Осы технологияға сүйене отырып, қолданысқа қажетсіз материалдардан ойын түрін жасап, оны дәстүрден тыс сурет салумен байланыстыру. Педагогтармен тәжірибе алмасу барысында мастер класс ұйымдастыру. Әр педагогтың ұсынысы мен ой пікірін талқылау. Өнертапқыш тапсырмаларды шешу теориясы бойынша тәрбиеші Турысбекова Жадыра Маратовнаіс тәжірибесімен бөлісті. “Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті” 6 В010100 мамандық “Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту” 4-курс студенттеріне Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен таныстырды. м.а: Л.К. Гилманова Және “Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті” 6 В010100 мамандық “Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту” 4-курс студенттерін іс тәжірибеден өткізіп, тәрбиешілер іс-тәжірибесімен бөлісті. “Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті” 6 В010100 мамандық “Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту” 4-курс студенттеріне Қазақстан Республикасы Оқу ағарту минстрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығы мен таныстырды. әдіскер Уйкасова К.К. Тақырыбы:Қыс Мақсаты:Табиғат көріністерін сипаттау. Қыс мезгілі, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру. Табиғат көріністерін сипаттау. Қыс мезгілі, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Тәрбиеші: Карибекова Меруерт Аудандық “Жаңашыл педагог” сайысына қатысып, аудан бойынша ІІІ орын иегері атанды. Тақырыбы: Пішіндер Мақсаты:Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыру, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, көру және ұстау арқылы пішіндерді зерттеу,логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. | 2023 жылы педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда курстан өту. Іс тәжірибе алмасу. | |
Білім сапасын арттыру бойынша жүргізілген іс-шаралар | Мектепке дейінгі білім сапасын жақсарту – басты мақсат. Балабақашамызда білім сапасын арттыруда №1педагоикалық кеңес өткізілді.Тақырыбы:Жаңа оқу жылындағы балабақша қызметінің негізгі бағыттары. Мақсаты:Қ.Р мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттағы өзгерістермен таныстыру. №2 педагогикалық кеңес Тақырыбы: МДҰ тәрбиелеу білім беру процесін ұйымдастырудыдың ерекшеліктері Мақсаты: Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. кеңестер жүргізілді. Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктерімен қажетттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту және әлеуетін ашу болып табылады.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау. Заттық кеңістік ортаны , оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік танымдық зияткерлік, шығармашылық дағдыларын зерттеушілік қабылетін дамыту, әлеуметтік эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік әлеуметттік және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндетттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отанға деген сүйіспеншілікке мәдени әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен балабақша ұйымының күш жігерін біріктіруде, Ата аналарға арналған ашық есік күндері ұйымдастырылып, іс шаралар ұйымдастырылды. МКҚК №67 бөбекжай-балабақшасында педагогтар үздіксіз білім деңгейін көтеріп отыр. 2022- оқу жылында 8-педагог Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігі “ӨРЛЕУ” Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы АҚ, Педагогикалық шеберлік орталығынан, ҚАҚАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ “Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты” КЕ АҚ біліктілігін арттыру курстан өтті. | Заттық дамытушы ортаны ойындар, ертегілер арқылы дамыту. | |
Тәрбие жұмыстарын дамыту бойынша жүргізілген іс шаралар | Балабақшамызда тәрбиешілер аудандық іс шараларға қатысып, шығармашылығымен танылды. «Өнерлі өрге жүзеді» атты музыкалық байқауда «Көркем сөз» номинациясы бойынша өнер көрсеткен Закир Алтынай Ержанқызы ІІ орынды өз қанжығасына байлады.Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиелеу мен дамыту ісінің түпкі мәйегі қалыптасатын негізгі орын.Тәрбиелеу білім беру процесін ұйымдастыру және өткізу кезінде тәрбиеленушілердің қызығушылықтары, қажетттіліктері, және жас ерекшеліктері ескеріліп жүргізіледі. Тәрбие мен білім беру процесінің циклограммасы бойынша күнделікті жоспарланған жұмыстарын жүргізеді.Ұлттық ойындармен, спорттық, қимылды ойындар жүргізіледі | Тәрбие жұмыстарын дамытуда ата-аналармен дөңгелек үстел ұйымдастыру | |
Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру мен көбейту бойынша | Балабақшада үйірме жұмыс жасамайды. | ||
Ата-аналармен жұмыс | Балабақшамыздың 2022-2023 оқу жылына арнап құрылған жоспар бойынша оқу жылының басында барлық топтарда Ата аналар жиналысы ұйымдастырылды, және ата -аналар қатысуымен “Әкем, анам және мен” отбасылық сайыс ересек “Ақтиын” тобының тәрбиеленушілерімен, ата аналарымен жүргізілді. Ата аналар спорттық іс шараға белсенділік таныта қатысты. Іс шараны ұйымдастырған тәрбиешілер: Бокбаева Н. Т. Турысбекова Ж. М Ақтиін», «Балдырған» ересек топтарының ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар балабақша ұжымымен ашық түрде тілдесті. Ересек “Балдырған” тобында “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” атты эстафеталық жарыс ата -аналар қатысуымен ұйымдастырылды. Отбасы мен балабақша арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ата - аналар балаларымен бірге қызығушылық таныта іс шараға қатысты. ұйымдастырған тәрбиешілер: Қалдарова М.Б. Инкарова Н. Мектепалды “Қарлығаш” тобында “Мерейлі отбасы” спорттық эстафеталық іс шара ата аналар қатысуымен жүргізілді. Эстафеталық іс шараны ұйымдастыру арқылы ата-ананы балабақша өміріне араластыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Отбасылық үндестікті, балалардың икемділігін , шапшаңдығын дамыта отырып, достыққа баулу. Ұйымдастырушы тәрбиеші: Закир А.Е. | Ата-аналарды балабақшада іс шараға үнемі қатыстыру | |
https://www.instagram.com/p/CmUODm4t4uX/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/p/Cmor1fXNTqZ/?utm_source=ig_web_copy_link http://67.almatybala.kz/o-detskom-sade/raboty-detei/1433-ardy-baylau.html https://www.instagram.com/p/Cl1ZSbaNueB/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/reel/CkXw-bTDj4M/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/p/CmG6unTtfSn/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/reel/CmG6LL4Dyod/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/p/CmUNGryNOXk/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/reel/Cj9jhRnDMz7/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/p/CmEaP1xtGZp/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/reel/Clpfs3JqYvH/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/p/CiKqh14DtjX/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/p/CmvYPyWt5uu/?utm_source=ig_web_copy_link |